Түркістан қаласының Қызылорда бағытына шығатын аумағында істен шыққан автобустың қаңқасынан жасалған жаңа аялдама пайда болды. Ерекше нысан қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау әрі пайдалануға жарамсыз көлікті қайта кәдеге жарату мақсатында қолға алынған.
Жобаны «Жолаушы» ЖШС жүзеге асырды. Кәсіпорын мамандары бұрын қоғамдық көлікте пайдаланылған автобустың қаңқасын қайта өңдеп, оны жолаушыларға арналған аялдамаға айналдырған.
Мекеме басшысы Рахымжан Еркіновтің мәліметінше, нысанды әзірлеу жұмыстары бір айдан астам уақытқа созылған. Осы кезеңде автобус қаңқасы қажетті өлшемде кесіліп, аялдама үлгісіне бейімделіп, сырланып, заманауи талаптарға сай безендірілген.
Нәтижесінде, бұрын жолаушыларды тасымалдаған автобус енді қала тұрғындарына аялдама ретінде қызмет көрсететін болды. Жоба ескі көлік құралдарын тиімді пайдаланудың өзгеше үлгісіне айналды.
Понедельник, 26 октября


