Қазақстанда телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбімен тартылып жатқан Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) негізгі құрылыс кезеңі сәтті аяқталды.
Суасты кабелі Қазақстан жағалауына жеткізіліп, «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа байланыс желісі Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тасымалдайтын маңызды халықаралық дәлізге айналады.
Жоба халықаралық байланыс арналарының сенімділігін арттырып, екі елдің цифрлық және транзиттік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.
Теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен кабель төсейтін кеменің бортында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және AzerTelecom International компаниясының бас директоры Ана Накашидзе танысты.


