Түркістан облысының Ленгір қаласында белгісіз біреулер әйелдің үйіне кіріп, оны аяусыз ұрып-соққан. Облыстық полиция болған оқиғаны растады.
Беті қатты ісіп, көгерген әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда әйелдің кеуде тұсының қанға боялғаны көрінеді.
Кейін Түркістан облысының полициясы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап, күдіктілерді іздестіріп жатыр.


