Шымкентте бас қосқан онкологтар халықаралық тәжірибе алмасты. Екі күнге созылған жиында мамандар заманауи емдеу тәсілдерін талқылап қана қоймай, тәжірибелік оталар да жасады. Шетелдік дәрігерлер оңтүстіктегі медицинаның даму қарқынына оң пікір білдірді.
Бұл ауруханада ота жасау күнделікті жүргізіледі. Ал екі күнге созылған халықаралық ғылыми- шеберлік сағатынан кейін, шетелдік және жергілікті мамандар тәжірибесін практикада көрсетті. Бірлескен жұмыс нәтижесінде 8 ота жасалып, барлығы сәтті өтті.
Шетелдік мамандардың қатысуымен елімізде алғаш рет бүйрекке криоабляция жасалды. Яғни, бүйректегі ісікті барынша мұздатып алып тастау. Ота Шымкент қаласындағы онкологиялық орталықта жасалды. 59 жастағы науқас Рысбай Бахрамов отаның сәтті өткеніне қуанып отыр. Өзін жақсы сезінетінін айтты. Ол емделуге Түркістан облысы, Сауран ауданынан келген.
РЫСБАЙ БАХРАМОВ, НАУҚАС
Операция жақсы өтті. Ондай ауырған жоқ. Дәрігерлерге рахмет. Бұл диагнозды жақында қойды. Алмасақ болмайды деді. Соны алды міне кеше. Рахмет соларға.
Отаны монғолиялық радиолог-консультант Бат-Ирээдуй бастаған онкологтар жасады. Мамандар қалалық орталықтағы медициналық технологияны қолдану, жабдықтар – барлығы жоғары деңгейде деп бағалады. Мәселен, мұндағы бір ғана кореялық аппараттың көмегімен бірнеше көрсеткіш бойынша ем жүргізуге болады.
БАТ-ИРЭЭДУЙ ПУРЭВБААТАР МОҢҒОЛ-ЖАПОН ГОСПИТАЛІНІҢ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ РАДИОЛОГ-КОНСУЛЬТАНТЫ
Говорили о нашей новой методике для креоабляции и радиоактивной абляции для перихроматозных органов опухоли.Потом мы оперировали нескольких пациентов. Здесь, в Шемкенте, первые креоабляции сделали для почек. Это рак почки. Раньше мы оперировали только почки. Но сейчас это меньше, чем 4 сантиметра образований.Мы используем три края игла, зонда и абляция делает. После этого мы сделали вчера 6 пациентов, оперироваил. Это УЗИ контрольный, очень минимально инвазивный методиик.
Онколог-дәрігерлердің айтуынша, Шымкенттегі орталықта қолданылатын заманауи құрылғылар әлемнің жетекші елдеріндегі жабдықтардан кем түспейді. Жапония, Корея, тіпті, Швейцария клиникаларында пайдаланылатын аппарат түрлері жергілікті мамандардың да жұмысында қолданылып жатыр. Бұл отандық медицинаның заманауи технологияны толымды түрде меңгеріп, әлемдік деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді.

