Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза болған Батыс Қазақстан облысының үш әскери қызметшісінің денесі Орал қаласына жеткізілді.
БҚО әкімдігінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 08:45-те Орал әуежайына Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Ғилаждың денелері арнайы рейспен жеткізілген.
Қаза болған әскери қызметшілермен қоштасу және жерлеу рәсімі 26 қыркүйекке жоспарланған.
Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз.


