Бүгін Алматы қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы өтіп жатыр.
Іс-шара басталар алдында форумға жиналған қатысушылар Маңғыстау облысында болған қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Форум қонақтары қаза болған азаматтардың рухына тағзым етіп, олардың отбасы мен жақындарына құрмет көрсетті.


