Алматы қаласында жүк көлігі автобусты қағып кетті. Оқиға жүргізушінің рұқсат етілмеген жерден кері бұрылуға әрекет жасау кезінде болған.
Жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы автобус жолағына шығып кеткен. №238 бағыттағы автобус жүргізушісі соқтығысты болдырмау үшін тежегішті басып, көлікті басқа жаққа бұруға тырысқанымен, соққыдан қашып құтыла алмаған.
Соқтығыс салдарынан автобустың бірнеше терезесі сынып, шыны сынықтары салонға шашылған. Ол кезде автобуста бес жолаушы болған. Бір әйел шыны сынығынан жарақат алған, алайда оған стационарлық медициналық көмек қажет болмаған.
Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Фура жүргізушісі автобус


