Шымкентте «Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы апталық жұмысын қорытындылады.
Осы уақыт аралығында түрлі форумдар ұйымдастырылып, кәсіпкерлермен, ардагерлермен, зиялы қауым өкілдерімен, жастармен және мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен кездесулер өткізді.
Келелі мәселелер көтерілген кездесулердің бірі — темір жол саласы мамандарымен жүздесу еді.
«Пойыз жолы деген экономикамыздың күретамыры. Теміржолшылар да қатты қуанып қалды. Себебі, осы уақытқа дейін ол жерге ешқандай депутат келмеген. Арыздарын айтты. Олардың мәселері көп шешілмей жатқан. Ол мәселердің бәрін де жазып алдық. Құдайға шүкір. Енді біз — Ақ жолмыз. Олар теміржол. Теміржолға біз ақ жол тілеуге бардық. Сонымен олардың айтқан арыздарын Құрылтайдың құрамында болып жатсақ іске асыруға тырысамыз,- дейді «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің VII шақырылым депутаты Қазыбек Иса.
Сондай-ақ, ақжолдықтар қаладағы зиялы қауым өкілдерімен кездесу, қарттар үйіндегі сәттер, сауда орталықтарындағы басқосуларда айтылған ой, ұсыныстың ешбірін назардан тыс қалдырмаймыз дейді. Әрбірі қоғам үшін өте маңызды. Оған қоса, бұл бағытта жастар қанаты тындырымды тірліктің басы-қасында жүр.
«Жастар қанаты жалындап тұр біздің. Біз жастарға сенеміз деп Алаштың ақиық ақыны Мағжан айтқандай, бізде жастарға сенеміз. Осы Шымкентке келгенде де мен көріп жатырмын жастарды. Жастар жалындап алдыңғы қатарда жүр. Өмірдің қозғаушы күші жастар ғой негізі. Жастарға барлық жағдай жасау мына біздің бағдарламамызда бар»,-дейді «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары, ҚР парламенті мәжілісінің VII шақырылым депутаты Қазыбек Иса.


