Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әріптестерімен бірге қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға 180-нен астам азамат қатысып, өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындардың өтініштері негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік, білім беру, энергетика және кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты болды. Әрбір өтініш жеке тәртіппен қаралып, қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер бойынша жауапты тұлғалар айқындалып, тиісті тапсырмалар берілді. Өтініштердің қаралу барысы бақылауға алынды. Қала әкімі аудан әкімдері мен басқарма басшыларына тұрғындардың өтініштерін сапалы әрі уақтылы қарауды, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауда ұстауды және азаматтардың ұсыныстарын алдағы жұмыстарда ескеруді тапсырды


