Шымкенттегі «Арбат» алаңы заңгерлер мен тұрғындардың бас қосқан алаңына айналды.
«Халық заңгері» акциясын ұйымдастырушылар қалалықтардың құқықтық кеңес алуына осылай жағдай жасады. Әдеттегідей, келушілердің көтерген мәселесі әртүрлі болды.
Қала тұрғыны Сейтали Нахипов 19 жылдан бері жер дауымен сабылып жүргенін айтады. Тиісті органдардың барлығына барып шыққан. Бірақ нәтиже щамалы.
Заңгерлерге жеткізген мәселелер арасында мұнан басқа тұрғын үй кезегі, әлеуметтік төлемдер, еңбек қатынастары, алимент өндіру, мұрагерлік және басқа да сұрақтар бар.
Акция барысында 80-ге жуық тұрғынға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының өкілдері, прокурорлар, сот орындаушылары, адвокаттар мен нотариустар тегін құқықтық кеңес берді.
«Халық заңгерінің» мақсаты — тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және білікті заңгерлік көмекті қолжетімді ету. Бүгінгі кездесу мұндай қабылдауларды жиі әрі тұрақты өткізілу керектігін аңғартты.


