Астанада екінші әуежайдың құрылысы 2027 жылы басталады.
Астана қаласында жаңа екінші әуежай салынады. Оның құрылысы келер жылы басталмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, алдағы үш жыл ішінде еліміздегі әуежайлардың инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек. Қазіргі уақытта елорда әкімдігі тарапынан тиісті дайындық жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Министр Сауранбаев жаңа нысанның құрылыс мерзімін, бюджетін және болашақ әуежай алаңының нақты қай жерде орналасатынын әзірге нақтыламады.


