Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) халықаралық бақылаушылары миссиясы Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарын сайлауды ашық, сенімді және демократиялық талаптарға сай өтті деп бағалады.
ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Т.Р. Мидхун Халықаралық байқаушыларға жәрдемдесу орталығында өткен баспасөз мәслихатында халықаралық байқаушыларды шақыру Қазақстанның сайлау үдерісінің барынша ашық әрі жария өтуіне ұмтылысын көрсететінін атап өтті.
Оның айтуынша, миссия құрамына ШЫҰ-ға мүше алты мемлекеттен 17 халықаралық байқаушы кірді.
Миссия өз жұмысын объективтілік, саяси бейтараптық, ашықтық және жариялылық қағидаттарына негізделген жеке әдістемесі бойынша жүргізді.
Байқаушылар Астана қаласы мен Ақмола облысындағы сайлау учаскелерінде бақылау жүргізіп, барлығы 102 учаскеге барды.


