Құрылтай сайлауының ресми қорытындысы жарияланды.
Саяси додада ел бойынша жалпы тізімге 12 миллион 623 мыңнан астам сайлаушы енгізілген. Сайлау күні саяси науқанның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге 51 мыңнан астам ұлттық байқаушы, саяси партиялардың 7 мыңнан астам сенімді өкілі қатысты. Жалпы, тіркелген сайлаушылардың 74, 8 пайызы дауыс берді. Олар қай партияға дауыс бергенін ОСК мәлім етті.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың мәліметінше:
Әділет 6, 528 , 948 дауыс = 71,17 %
Ақ жол 478 083 = 5,21%
Ауыл 574 621 = 6,26%
Республика 509 631 дауыс= 5,56%
ЖСП 469 058 = 5,11%
БАЙТАҚ 97 751 = 1,07%
ХҚП = 285 395 = 3,11 %
Бәріне қарсы = 230 446 = 2,51 %
Саяси науқанды шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 7 777 байқаушысы жіті қадағалады. Одан бөлек, сайлау барысынан отандық 1 852 БАҚ өкілі мен аккредиттеуден өткен 117 шетелдік журналист ақпарат таратты.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың сөзінше, алдағы кезеңде орталық сайлау комиссиясы заңдамада белгіленген тәртіппен сайлаудың қорытындыларын белгілеу және сайланған депутаттарды тіркеу бойынша тиісті жұмыстарды жалғастырады.
Конституциялық нормаларға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының толық қорытындысын сайлау өткен күннен бастап 10 күннен кешіктірмей белгілеп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялайды. ОСК отырыстың өтетін нақты күні мен уақытын қосымша хабарлайтынын айтты.


