«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры ауылдық елді мекендер, шағын қалалар мен моноқалалардағы мектеп түлектеріне арналған 350 білім беру грантын бөлді.
Кімдер үміткер бола алады?
25 жасқа дейінгі ауыл, шағын және моноқала мектептерінің түлектері, егер олар:
жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған;
мүгедектігі бар;
мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасының баласы немесе ата-анасының мүгедектігі бар болса. Грант мүмкіндіктері:
• оқу ақысы — жылына 1 млн теңгеге дейін;
• шәкіртақы — айына 60 мың теңге (жазғы демалыстан бөлек, жылына 10 ай).
Үміткерлер ҰБТ-дан (шығармашылық емтихан нәтижелері ескеріледі) қажетті ең төменгі балды жинауы тиіс.
Қатысатын ЖОО-лар, грант саны және өтінім беру тәртібі туралы толық ақпарат осында.


