Жаңа оқу жылында елімізде 380 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа барады деп күтілуде. Қазіргі таңда олардың шамамен 320 мыңы яғни 84%-ы мектепке қабылданған.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау шарасы жалғасуда. Құжаттарды 31 тамызға дейін eGov.kz, eGov Mobile арқылы немесе тікелей мектепке барып тапсыруға болады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда мектептерге шамамен 320 мың бала қабылданған. Бұл болжам бойынша бірінші сыныпқа баратын балалардың жалпы санының 84%-н құрайды.
Балалардың 71%-дан астамы қазақ тілінде, ал 26%-дан астамы орыс тілінде білім алмақ.
1-сыныпқа баратын балалар саны ең көп өңірлер қатарында Түркістан, Алматы облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қаласы бар.


