Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру гранттарына өтініш қабылдау басталды.
Биыл өңірлерде сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін 2392 грант бөлінді.
Гранттар бакалавриат, магистратура және резидентура бағдарламалары бойынша беріледі.
Ең көп грант бөлген өңірлер:
Астана — 303 грант
Шымкент — 285 грант
Шығыс Қазақстан облысы — 270 грант
Батыс Қазақстан облысы — 211
Абай облысы — 200
Түркістан облысы — 200
Ақмола облысы — 199
Қарағанды облысы — 198
Атырау облысы — 187
Маңғыстау облысы — 163 грант
Қалған өңірлердің әрқайсысы 100-ге жуық грант ұсынды.
Бұл гранттар өңірлерге қажетті мамандарды даярлауға бағытталған.


