Отандық медиакеңістікке жаңадан қадам басқан республикалық «Әділет TV» телеарнасын қолдаушы қонақтар легі толастар емес. Бүгін қалалық «Арулар» клубының белсенді мүшелері арна ұжымын құттықтап арнайы келді. Қоғам белсенділерінің ұсыныс-пікірлері де көп.
Шымкенттегі зиялы қауым мен белсенді қыз-келіншектердің басын қосқан «Арулар» клубы жаңадан ашылған республикалық «Әділет TV» телеарнасына арнайы келді. Жылдар бойы мегаполистің, Оңтүстік қазақстанның жауапты салалары – ғылым, білім, әлеуметтік қорғау, салық, медицина, тұтынушылар құқығы мен сараптама жасауды, жасөспірімдермен жұмысты үйлестірген, басшылық еткен іскер азаматтар қоғамдық жұмыстарға күні бүгінге дейін белсене араласып келе жатыр. Сондықтан, медиахолдинг ұжымымен қоян-қолтық жұмыс істеуге әзірміз дейді.
«ADILET TV» телеарнасы қазіргі медиакеңістікте жаңалық таратумен ғана шектелмей, қоғамдық пікір қалыптастыруға, азаматтардың құқықтық, саяси сауаттылығын арттыруға, ұлттық құндылығымызды дәріптеуге, еңбек адамын насихаттауға бағыт алған. Арулар бұл бағытты құптайды. Жастармен жұмысты заманауи үрдерістермен үйлестіруге дайын.
САЛТАНАТ ӘБДРӘЗАҚҚЫЗЫ, «Арулар» клубының мүшесі
«Әділет TV» телеарнасының ұжымына тек қана жақсылықтар тілейміз. Бақыттың базарында, Қыдырдың назарында болыңыздар. Жұмыстарыңыз алға бассын. «Алға, Қазақстан!» деп сіздердің алдарыңызда күліп-ойнап жүре берейік. Жұмыстарыңыз тек қана мәңгі болсын.
Өз ісіне адал, әрі қоғамға пайдалы бастамалардың ұйтқысы бола білген «Арулар» клубы мен жаңа Әділет ТВ арасындағы бұл байланыс алдағы уақытта да мазмұнды жобалармен жалғасын табатыны сөзсіз.

