Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жәбірленуші және айыпталушы тараптардың ұстанымы айтылды.
Жәбірленуші тараптың адвокаттарының мәлімдеуінше, айыпталушы Шерхан Аймахан Нұрайға 35 рет пышақпен соққы жасағанда ол тірі болған.
Сондай-ақ сотта марқұмның отбасы қазаға байланысты 15 739 650 теңге көлемінде шығын келтірілгенін айтты. Бұл қаражат жерлеу рәсімі, жаназа, бейсенбілік, жүз күндігі сияқты шараларға жұмсалған, адвокаттардың еңбекақысы, сондай-ақ Алматы мен Астанаға министрлікке бару үшін алынған әуе билеттері кіретіні мәлімдеді.
Жәбірленуші тарап өндірілген қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жоспарлап отырғанын айтты.
Сот барысында жәбірленуші тарап айыпталушы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ал қорғау тарапы алып қашу және сталкинг бойынша тағылған айыптардан ақтауды сұрады. Адвокаттар 76 рет телефон соғу фактісін сталкинг ретінде бағалауға болмайтынын алға тартты.
Сонымен қатар айыпталушы тарап Шерхан Аймаханды Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартуды сұрады.
Сотта тараптардың жарыссөздері мен талаптары тыңдалып, іс бойынша түпкілікті шешім соттың бағалауына байланысты болады.


