Шерхан Аймаханға сот үкім шығарды.
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша Шерхан Аймаханға сот үкімі жарияланды. Сот шешімі бойынша Шерхан Аймахан өмірінің қалған жылдарын абақтыда өткізеді. Одан бөлек 200 сағат қоғамдық жұмыс тағайындалып, жазаны өтеу мерзімі 2026 жылғы 10 қаңтардан бастап есептелетіні айтылды. Сонымен қатар, мерзімнің «1 күнге 1 күн» тәртібімен есептелетіні хабарланды.
Сот шешімімен жәбірленуші тарапқа 25 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілетін болды.


