Мұнай-газ химиясын дамыту, өңдеу өнеркәсібін жаңғырту, білікті инженерлік кадрлар даярлау және сапалы жұмыс орындарын құру мәселелері «Әділет» партиясы Республикалық сайлауалды штабы өкілдерінің Атырау облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесулерінде талқыланды.
Сайлауалды сапар аясында партия өкілдері Атырау мұнай өңдеу зауытына барды. Аталған кәсіпорын – Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауыты және елдің мұнай-химия саласындағы стратегиялық маңызы бар нысандардың бірі.
Бүгінде АМӨЗ жылына шамамен 5,5 млн тонна мұнай өңдеп, ішкі нарықты негізгі мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорын еліміздің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Партия өкілдерінің мәлімдеуінше, стратегиялық кәсіпорындардың тұрақты жұмысын сақтау, өндіріс әлеуетін арттыру және энергетикалық қауіпсіздікті нығайту «Әділетті болашақ үшін» атты сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі болып саналады.


