Енді партияға өтініш білдіру, бастама ұсыну, мәселе туралы хабарлау немесе оның қатарына қосылу үшін ресми сайт немесе бірыңғай QR-код арқылы бірнеше минуттың ішінде онлайн түрде жүгінуге болады.
Сервис мемлекеттік басқару, экономика, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да ел өмірінің маңызды салаларын қамтитын 26 тақырыптық бағытты біріктіреді.
Өтініш жіберілгеннен кейін оған автоматты түрде тіркеу нөмірі беріледі, ал қарау нәтижесі бойынша жауап өтініш берушіге жолданады.
Жаңа цифрлық құрал азаматтармен кері байланысты анағұрлым жедел әрі ашық етіп, қоғаммен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырады.


