Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Индонезияның Джакарта қаласында 3-16 шілде аралығында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өткен Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері жоғары нәтиже көрсетті.

U23 жас санатындағы ерлер арасындағы 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Аман Қонысбеков барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медальді жеңіп алды.
Ал 60 келі салмақта сынға түскен Нұрасыл Төлебек финалға дейін сәтті өнер көрсетіп, жарысты күміс жүлдемен қорытындылады.
Айта кетейік, жүлдегер қос спортшы да «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.
Share.
Exit mobile version