Біздің бағытымыз — мемлекеттік саясатты қолдау арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саланың өркендеуіне серпін беру.

Түркістан облысында аптап ыстыққа байланысты жол қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Шымкент–Түркістан бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың 2243-шақырымында цементбетон жабынының температура әсерінен деформациясы анықталып, мамандар ақауды жедел қалпына келтіруге кірісті. Оқиға орны қоршалып, уақытша жол белгілері орнатылды. Арнайы техника жұмылдырылып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданды. Қазіргі уақытта жолдағы ақауды толық жою және қозғалысты қалыпқа келтіру жұмыстары жалғасуда. Жол қызметтері тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр.
Share.
Exit mobile version