Брюссельге ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті.
Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында отандастарымызды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
– Жалпыхалықтық референдумда халқымыз бірауыздан, біртұтас қоғам болып Конституциямызды қолдады. Өте керемет құжат, 1 шілдеде күшіне енеді. Ата заңымыз халқымыздың темірқазығы болады. Сондықтан баршаңызды шын жүректен жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтаймын, – деді Президент.
Сонымен қатар Президент шетелде білім алып, жұмыс істеп жүрген отандастарымызға қолдау білдірді.


