Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында тексерулер өтті — 185 айыппұл салынды.
Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 485 тексеру жүргізді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында жарияланған. Тексерулерді жіктесек:
212 тексеру жоспардан тыс болды;
167 тексеру профилактикалық бақылау шеңберінде жүргізілді.
Прокуратураның талабы бойынша 106 тексеру басталды.
Әр түрлі ұйымдар тексерілді. Тексеру барысында келесі ұйымдар қамтылды:
Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар: 56;
Денсаулық сақтау нысандары: 23;
Білім беру мекемелері: 94;
Әлеуметтік қорғау ұйымдары: 238;
Мәдениет объектілері: 12;
Спорт нысандары: 1;
Көлік инфрақұрылымының объектілері: 3;
Тамақтану объектілері: 5;
Сауда объектілері: 29;
Басқа ұйымдар: 29.
Тексеру қорытындысы бойынша, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 303 ұйғарым берілді. Сонымен қатар, 185 айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 38,9 млн теңгеден асты.


