Алматыдағы Әл-Фараби көшесінде орын алған жол көлік оқиғасына қатысты сот отырысы жалғасуда. Тараптар жарыссөзге шықты.
Айыптау актісінде прокурор Әлібек Күмісбеков сотталушының кінәсі іс материалдарымен толық дәлелденгенін атап өтті. Ол соттан Александр Пакты қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тануды және ең төменгі қауіпсіздік колониясында 10 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындауды сұрады.
Прокурор бұл трагедияға кінәлі көлік тігзіндегенін, белгіленген жол ережелерін өрескел бұзғанын, жылдамдықты асырғанын, әсіресе мас күйінде болғанын айтты. Сонымен қатар, сотта Александр Пак кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
«Zeekr көлігінің соқтығысу алдындағы жылдамдығы шамамен 219 км/сағ болды. Осыдан-ақ, бәрі түсінікті. Түнгі уақытта мас күйінде қала аумағында осындай жылдамдықпен көлік жүргізу абайсыздық емес, өзгелердің өмірін қауіпке тігу деген сөз. Сондықтан да, заңның барлық қатаңдығымен жауап беруі керек»,- деді Әлібек Күмісбеков.
Жәбірленуші тараптар бірауыздан өмірдің ауыр сынағынан өтіп жатқандарын айтты. Осыған қарамастан, олар осы ауыр қазаға кінәліні кешіргендерін айтуда. Олар соттан оған заң бойынша жаза тағайындауды сұрады. Қаза тапқан Томирис Қыдырбееваның әкесі ғана кінәліден 100 млн теңге көлемінде өтемақы талап етіп отыр.


