Алматыдағы әл-Фараби даңғылында орын алған жол апатына кінәлі Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына қатысты сот үкімі жарияланды.
Сот Александр Пакты кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, марқұмдардың бірінің әкесіне моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өтемақы төлеу міндеттелді.


