Астана мен Алматы әуежайларында шекарашылар жалған құжат арқылы Қазақстанға кірмек болған 19 шетел азаматын анықтады. Оқиғалар қыркүйек және қазан айларында тіркелген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, ұсталғандар шекарадан өту үшін жалған визалар мен басқа адамдардың жеке мәліметтері көрсетілген құжаттарды пайдаланған. Қазіргі уақытта аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Комитет мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың басынан бері елде осындай 358 заң бұзушылықтың жолы кесілген. Жалған немесе өзге адамға тиесілі құжаттарды пайдаланып мемлекеттік шекараны кесіп өту қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.


