Жаңа жыл қарсаңындағы 31 желтоқсан Қазақстанда ресми демалыс күніне жатпайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі түсіндірді.
Ведомствоның хабарлауынша, 1 және 2 қаңтар мерекеге байланысты демалыс күндері болып белгіленген. Ал 31 желтоқсан ұлттық немесе мемлекеттік мереке мәртебесіне ие емес, сондықтан жұмыс күні болып есептеледі.
Сонымен қатар жұмыс беруші қызметкерлерге қосымша демалыс беру туралы өз бетінше шешім қабылдай алады.


