Марқұм Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда.
Екінші отырыста жаңа деректер мәлім болды. Оқиға орнында болып, қылмысты өз көзімен көрген куәгер жауап берді. Ол күдіктінің марқұмға бірнеше рет пышақ тыққанын көзімен көрген.
«Бізде дворға кіретін жол бар.Сол жерге жақындаған кезде мен ана жақта ұрып жатырма сондай бір дауыстар шықты.Сөйтіп келе жатқан кезде алдымнан бір бала жүгіріп өтті. Жүгіріп қашып бара жатты.Сөйтіп мен ұрып қашып бара жаттыр екен деп ойладым. Ана балаға не істеп жатырсың, кәзір миллиция шақырамын дедім. Анандай ұрысқан дауыспен ше. Сөйтіп ары қарай кетіп бара жатқан ем, ана бала қайтіп артқа қайтты да сол жерде қарасам жерде қыз жатыр екен .Сөйтіп сол қыздан ар жақта бір апай келіп қалған екен ол кезде. Сөйтіп сол қызға сол жерде екі-үш рет пышақпен курткасының қалтасынан ба пышақ шығарды да сол жерде екі-үш рет ұрды. Сөйтіп мен ол жерде қорықтым. Қорқып бірнеше секундттай тұрып қалдым аяқ-қолым істемей, -деді куәгер.
Сот отырыснда марқұм Нұрайдың ағалары да куәлік етті. Олардың сөзінше, алып қашу оқиғасынан кейін күдіктінің үйіне барғанда қарсы тарап агрессия көрсетіп, үйіне кіргізбеген. Тіпті, тәртіп сақшылары келгенде де жағдайды ушықтырған. Марқұмның ағасы процессте полиция қызметкерлерінің әрекетіне де күмән келтіретінін жасырмады.
«Күдікті бір азамат ішке қарай кіріп бара жатты мен оны тоқтаттым. Кейін есіме түсті ол кісіні жаңағы сотталушының үйінде көргенмін. Мен кіреберісте дежурный полиция қызметкерінен сұрадым. Неге бұл кісі өте береді, біз мына жақта кіре алмай тұрмыз қарындасымызға десем, бұл кісі гражданка киімдегі қызметкер» деді- Нұрай Серікбайдың ағасы Дінмұхаммед Серікбай.
Күдікті өткен отырыстағы кейпінен танбай отыр. Жәбірленушіге пышақ сұққаны есінде жоқ.
Бүгінгі отырыста өзге де куәгерлерден жауап тыңдалды. Марқұмның жақындары бұл жолы да істің ашық әрі әділ өтуін талап етті. Соттың қай күні қай уақытта жалғасатыны әзірге белгісіз.


