Шымкент қаласының тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді қала әкіміне тікелей жеткізе алады. Қала басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Мұндай көшпелі кездесулер халықтың талап-тілегін ескеріп, қаладағы түйткілдерді дер кезінде анықтап, нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесулері жалғасуда. Бұл жолы мегаполис басшысы Нұртас шағынауданы, Маржантас көшесінің тұрғындарымен жүздесті. Кездесуде тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық берілді. Атап айтқанда, жер қатынастары, тұрғын үй, балалар алаңшаларының қажеттілігі сияқты көтеріліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Жиынға жиналған тұрғындардың қарасы қалың болды. Кездесу барысында азаматтар өздерін толғандырған, мәселелерін ортаға салды. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерін мұқият тыңдаған әкім бақылауда болатынын жеткізді. Айтылған түйткілдерді тиісті басқармалардың бақылауына тапсырды.
Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамыту қажеттігі жөніндегі ұсыныстары да назарға алынды.
Қала әкімі аудан әкімдігіне тұрғындармен кері байланысты күшейтуді жүктеді. Қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстардың нәтижесімен халықты тұрақты түрде хабардар болу керек.

