Шымкент қалалық онкологиялық орталықта халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға еліміздің және шетелдің білікті мамандары қатысып, қатерлі ісікті емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ, науқастарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру және емдеу әдістерін жетілдіру мәселелері сөз болды.
Конференцияға 9 елден медицина мамандары онлайн және офлайн форматта қатысты. Шетелдік және отандық сарапшылар онкология саласындағы соңғы зерттеулер мен тәжірибелерін ортаға салды. Мәселен, бүйрек және қалқанша безі обырын емдеу, бауырға жасалатын операцияда қолданылатын заманауи әдістер сияқты өзекті тақырыптар қозғалды. Шетелдік мамандардың қатарында Моңғолиядан келген радиолог-консультант Бат-Ирээдуй да болды. Ол Шымкентке осымен бесінші рет келіп жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасуда.
БАТ-ИРЭЭДУЙ ПУРЭВБААТАР МОҢҒОЛ-ЖАПОН ГОСПИТАЛІНІҢ ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ РАДИОЛОГ-КОНСУЛЬТАНТЫ
Наша тема – это онкология, это доброкачественная образованность штабитка, доброкачественные опухолы печени, а еще это почки. Мы делаем минимально инвазивные современные методики термальной абляции почки, печени и штабитка. Мы все вместе растем, это развитие, как развивали, растем. Поэтому у нас между нами ни такая большая разница нет. Поэтому всегда это опыт обмена. И еще вместе учиться из нашей соседней страны, как Казахстан, Монголия, Узбекистан, Кыргызстан. Мы все это учимся вместе с нашей высокой уровней технологией из Японии, Китая, Корея, еще и Швейцария, Россия так же.
Конференцияға Қазақстандық онкологтар да жиналды. Осы талқылаулардан соң, білікті онкологтар 8 науқасқа заманауи аз инвазивті операция жасауды жоспарлап отыр. Қалалық онкологиялық орталықта мұндай оталарды жасауға қажетті заманауи технология, құрал жабдық жеткілікті дейді орталықтың бас дәрігері.
ТАЛҒАТ ҚҰРМАНОВ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАР ҚАЛАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Шымкент қаласында 9800 науқас учетта тұр. Қазақстан бойынша 253 мың науқас учетта тұр. Жыл сайын 17-18 мың науқас бізге учетқа тұрады Қазақстан бойынша. Қазір мынау 9 айдың ішінде 890 науқас Шымкент бойынша учетқа алдық. Бізде қазір онко скрининг деген бар. 3 түрлі ол: колоректальный, рак шейки матки, маммология. 3 скрининг республика бойынша. Өзіміз біз тағы да онко чек-ап деген енгізіп жатырмыз. Біздің халқымыз шетелге бармай, өзімізде өтуге болады соның бәрін.
Осы қағида қанша айтылса да өзекті – қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, оны емдеу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары. Сондықтан дерттің алғашқы белгілерін күтпей, ұзаққа созбай тексеруден өткен жөн. Оның үстіне, кейбір онкологиялық ауруларға тұқым қуалайтын бейімділік де әсер етуі мүмкін. Дәрігерлер мұны жоққа шығармайды.

