Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметке қатысты бірқатар кадрлық шешім қабылдады.
Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.
Ал Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне кірісті. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.
Жаңа тағайындаулар Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.


