2027 жылы мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты Астананың орнына Алматыда ұйымдастырылады. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағы хабарлады.
Жарыстың өтетін қаласы электр станциясындағы өртке байланысты өзгерген. Аталған станция қаланың сол жағалауына қызмет көрсетеді. Алайда өрттің нақты қай нысанда болғаны туралы ақпарат жарияланбаған.
Қазақстан бұл чемпионатты алғаш рет қабылдамақ. Бастапқы жоспар бойынша, жарыс Астанада 9–14 ақпан аралығында өтуі керек еді. Қаланың өзгеруіне байланысты жарыс күндерінің де ауысатыны әзірге белгісіз.


