METRO сауда желісі бірқатар дүкенінің жабылуына байланысты ауқымды жеңілдіктер науқанын бастады. Кейбір тауарларды 70%-ға дейін төмендетілген бағамен сатып алуға болады.
Акция алғашқы кезеңде Қарағанды, Павлодар, Өскемен және Шымкент қалаларында өтеді. Астана мен Алматыдағы науқанның басталу уақыты кейінірек жарияланады.
Жеңілдікпен ұсынылатын өнімдер тізімі апта сайын жаңартылып отырады. Акциялық тауарлардың саны шектеулі болғандықтан, олардың қолжетімділігі әр қала мен дүкенде әртүрлі болуы мүмкін.
Науқан туралы толық ақпаратты және қажетті тауарлардың бар-жоғын shop.metro-kz.com сайтынан тексеруге болады. Ол үшін алдымен өз қалаңызды таңдауыңыз қажет.


