Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан ширек финалдық кездесулер жалғасуда.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін әлем чемпионы Төрехан Сабырхан ширек финалда Ирак боксшысы Әли Касым Хамдан Әл-Сараймен кездесті.
Қазақстандық спортшы жекпе-жектің алғашқы раундының 55-секундында қарсыласын нокаутқа түсіріп, айқын жеңіске жетті.
Бүгін шаршы алаңға тағы екі қазақстандық боксшы – 55 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шығады.
Воскресенье, 25 октября


