«Әділет» партиясы мен оның Іскерлік кеңесінің мүшелері Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету үшін 1,5 млрд теңге жинайды.
Партия өкілдерінің айтуынша, қаражат жинау толықтай ерікті түрде және қатысушылардың жеке бастамасымен жүргізіліп жатыр.
Жиналатын қаражаттың ішінде РАГМП атқарушы директоры Николай Радостовец 600 млн теңге бөледі. «Alageum Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ильясов пен «ВД-Строй Инжиниринг» ЖШС байқау кеңесінің төрағасы Еркін Оқасов 300 млн теңгеден қаржы аударған.
Бұдан бөлек, Эльбеги Абдиев, Қанат Ибраев, Мұрат Әмрин, Юлия Якупбаева, Серік Аманғалиев және Талғат Темірханов 50 млн теңгеден бөлген.
Аталған азаматтардың барлығы «Әділет» партиясы мен оның Іскерлік кеңесінің мүшелері. Қайырымдылық бастамасына партияның басқа да мүшелері қатысып жатыр.
Жиналған қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылып, қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге бағытталады. Қаражат жинау әлі де жалғасуда.
Партия мүшелері Маңғыстаудағы оқу-жаттығу кез


