Жапонияның Айчи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазақстандық балуан Әділет Ахметғали кураштан қола медаль жеңіп алды.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жартылай финалда Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевпен белдесіп, 0:10 есебімен жеңіліс тапты.
Айта кетейік, Әділет Ахметғали ширек финалда Тайбэй өкілі Хе Сунгты 10:0 есебімен айқын басымдықпен жеңген болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Воскресенье, 25 октября


