Шымкентте қоғамдық көлік қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.
Қалада автобус паркін жаңарту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Бұл жұмыс тұрғындардың қоғамдық көлікке деген сұранысын сапалы қамтамасыз етуге, жолаушылар тасымалының тиімділігін арттыруға және қаланың заманауи көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға бағытталған.
Заманауи автобустар санының артуы экологиялық жағдайды жақсартуға, көлік қатынасын тиімді ұйымдастыруға және мегаполис тұрғындарының күнделікті өмір сапасын арттыруға оң әсер етеді.


