Шымкент шаһарында Құрылтай сайлауы басталды. Сағат 07:00-де есігін айқара ашқан учаскелерге тұрғындар келіп, дауыс беруде.
Таңсәріден есігін ашқан сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Саяси науқанның алғашқы минуттарынан-ақ шаһар тұрғындары ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға асықты. Әсіресе аға буын өкілдері белсенді. Таңғы 7-ден учаскеге келіп, көпке үлгі көрсетуде. Елдегі маңызды өзгерістерге бей-жай қарай алмаймыз дейді қариялар.
Учаскеде дауыс беру бекітілген кестеге сай жүріп жатыр. Сайлаушыларға тиісті жағдайлар жасалған, бақылаушылар процессті жіті қадағалауда.
Шымкентте 357 сайлау учаскесі бар. Тіркелген сайлаушылар саны — 713 491. Тұрғындар өз таңдауын жасап, саяси науқанға кешкі сағат 20:00-ге дейін қатыса алады. Едімізде алғаш рет өткізіліп отырған Құрылтай сайлауында әр дауыс маңызды.

