Ресми рәсімнен кейін өткен кездесуде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, отын-энергетика саласындағы байланысты кеңейту және шекара инфрақұрылымын жетілдіру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі тереңдету мәселесіне назар аударды.


