Мемлекет басшысына «Талдау орталығының» жұмысы, сондай-ақ жасанды интеллект негізінде әзірленген талдау құралдары таныстырылды.
Атап айтқанда, Президентке мұғалімдерге сабаққа дайындалуға көмектесетін WONK педагогінің AI-ассистенті көрсетілді.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылған 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліне аударылған шығармаларымен танысты. Сондай-ақ оқушылардың ғылым, инженерия, робототехника және инновациялар саласындағы жетістіктеріне ерекше назар аударылды.


