АСТАНА — Қазақстанда рақымшылық туралы заңды іске асыру жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін рақымшылық аясында 1 344 азамат босатылды.
Олардың ішінде 620 адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылып, заң талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалауға алынды.
Ал 724 сотталған пробациялық бақылаудан және жазаның қалған бөлігін өтеуден босатылды.
Сонымен қатар 730 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
Рақымшылық туралы заң күшіне енгеннен бері соттарға сотталғандарды босату туралы 10 мыңнан астам материал жолданған. Құзырлы органдар заң талаптарын іске асыру жұмыстарын жалғастырып жатыр.


