Шымкентте 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық қыза түсті.
Қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы учаскелердің нақтыланғанын және ұйымдастыру жұмыстарының басталғанын мәлімдеп, алдағы саяси шараның негізгі басымдықтарын атап өтті.
Саяси науқанда бірде-бір азаматтың құқығы шектелмеуі тиіс. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға сайлау учаскелерінде максималды түрде ыңғайлы жағдай жасау басты назарда.
Қазіргі таңда қаламызда 18-ше толған 23мыңнан аса азамат бар. Оның 3600-дейі мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Біз бұл тізімді 3ке бөлеміз: зағиптар, саңыраулар, арбада отыратындар. Сондықтан біз әрбіп учаскіде пандустар, тактильді жолақтар, арнайы кабиналар бар. Сондай-ақ әр жерде бұрыштама болады. Ол жерде микрафон, трафарет болады. Сонымен қатар 35 инватакси қарастырылған. Және 65 сурдоаудармашы бар,-деді Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев.
Бір сөзбен айтқанда, сайлау әрбір азаматтың өз болашағына деген жауапкершілігі. Ал бұл саяси науқанда мүмкіндігі шектеулі жандарға толық жағдай жасау тең қоғам құрудың басты кадамы. Ең бастысы, жасалған инфрақұрылым тек сайлау күнде ғана емес, күнделікті өмірде де халыққа игілік әкелсе болғаны.
Ақерке Берекешова

