Құрылтай Бюросының отырысы Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза болған әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Отырыста Құрылтай төрағасы мен депутаттар қаза болған және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсету үшін ерікті түрде қаражат жинауға қатысатындарын мәлімдеді. Қазіргі уақытта жеке қаражат есебінен 146 млн 650 мың теңге жиналған. Қаражат «Ұлттық рух» қорына аударылады.
Қаржы жинау жалғасып жатыр.
Атап айтқанда, депутаттар Айдарбек Қожаназаров, Руслан Идрисов, Мейірхат Қасымбаев, Бекжан Айткулов және Махамбет Хасенов 20 млн теңгеден бөлген.
Дана Медеуова, Айжан Наимбекова және Бауыржан Джамалов 10 млн теңгеден аударған.
Тұрарбек Тлемісов, Мұратбек Мұхамбадиев және Мұса Хайруллиев 5 млн теңгеден, ал Бегалы Ералиев 500 мың теңге бөлген. Жинаққа басқа да депутаттар қатысып жатыр.
Жиналған қаражат Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан зардап шеккен және қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсетуге бағытталады.


