Қазақстандық спортшылар Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында стенд атудан трап бағдарламасы бойынша командалық сайыста қола жүлдеге қол жеткізді.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, ерлер арасындағы командалық бәсекеде Әлішер Айсалбаев, Даниил Почивалов және Марк Почивалов ел намысын қорғады.
Қазақстан құрамасы 348 ұпай жинап, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Алтын медаль Кувейт командасына бұйырса, Қатар спортшылары күміс жүлдеге ие болды.
Жарыс қорытындысы:
🥇 Кувейт – 355 ұпай
🥈 Қатар – 349 ұпай
🥉 Қазақстан – 348 ұпай
Айта кетейік, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы құрлықтық додаға 558 спортшымен қатысып, спорттың 35 түрі бойынша жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Воскресенье, 25 октября


