Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев 01.AI компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Ли Кай-Фумен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жасанды интеллект технологияларын дамыту және оны мәдениет пен ақпарат салаларында қолдану мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты нығайту, жаңа технологияларды енгізу және цифрлық шешімдерді тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Әңгіме барысында жасанды интеллектіні дамыту Қазақстанның цифрлық жаңғыру үдерісіндегі басым бағыттардың бірі екені атап өтілді. Бұл ретте заманауи технологияларды шығармашылық индустрияда, ақпараттық кеңістікте және мәдени жобаларды жүзеге асыруда қолданудың маңыздылығына назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жасанды интеллект саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға және жаңа технологияларды мәдениет пен ақпарат саласына енгізу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты пікір алмасты.
Воскресенье, 25 октября


