Қазақстандық дзюдошылар жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді.
Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен әлем чемпионатының аралас командалық жарысында Қазақстан құрамасы алғаш рет алтын медаль жеңіп алды.
Жекелей сында қазақстандық спортшылар 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль иеленіп, жалпы 10 жүлде еншіледі.
Ұлдар командалық есепте 1-орынға ие болды.
Қыздар командалық есепте 2-орын алды.
Ал Фатима Супығалиева жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық дзюдошы қыз ретінде тарихқа енді.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, бұл нәтиже жасөспірімдерден бастап ұлттық құрамаға дейінгі бірыңғай спортшылар даярлау жүйесінің тиімділігін көрсетеді.


