Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдап, елімізде жаңарған Парламент – Құрылтай сайлауының халықаралық стандарттар мен демократиялық қағидаттарға сай сәтті өтуімен құттықтады.
Шавкат Мирзиёев бұл тарихи оқиға Қазақстанның саяси жүйесін жетілдірудің жаңа кезеңінің басталғанын атап өтті. Оның айтуынша, сайлау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, Парламенттің рөлін едәуір күшейтуге ықпал етеді.


