Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетел мемлекеттерінің басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысына, қаза болған әскери қызметшілердің отбасы мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік әріптестеріне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді. Президент мұндай қиын кезеңде халықаралық деңгейдегі қолдау мен ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті.


